«Қайраттың» УЕФА Чемпиондар лигасындағы қарсыласы белгілі болды
Алматылық «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Черногорияның «Сутьеска» командасымен кездеседі. Бұл жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша белгілі болды.
Қазақстан чемпионы үшін еурокубок маусымы дәл осы қарсыласпен басталады. Екі матчтың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда келесі кезеңге жолдама алады.
Бірінші матч 7/8 шілде күні Алматыда өтеді. Қарымта кездесу 14/15 шілдеде Никшич қаласында болады.
«Сутьеска» — Черногорияның қазіргі және 6 дүркін чемпионы, Ел кубогының екі дүркін иегері.