Live

Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге бөлінген қаржы бюджетке қайтарылды

Қазақ тілін латын әліпбиіне толық көшіру кейінге қалдырылды.

Jasalash.kz

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, толық көшу жаңа әліпби мен емле ережелері бекітілгеннен кейін ғана басталады.

Қазір әліпби жобасын Тіл білімі институты, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы және жоғары оқу орындарының ғалымдары пысықтап жатыр.

Бұған дейін латын әліпбиіне көшуге бөлінген бюджет қаражаты қайтадан қазынаға қайтарылған.

Министрлік жаңа әліпби бекітілгенге дейін әкімдіктер мен мемлекеттік органдарға латын қарпіндегі маңдайшаларды қолданбауды ұсынды.

Сайт Әкімшілігі