Қазақстан банктерінің табысы төртінші ай қатарынан төмендеп жатыр
Ұлттық банктің есебіне сәйкес, 2026 жылдың алғашқы төрт айында Қазақстан банк секторының таза пайдасы 795,8 млрд теңгені құрады.
Бұл - салық төленгеннен кейінгі көрсеткіш.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда банк пайдасы 12 пайызға азайған. 2025 жылдың алғашқы төрт айында банктер 904,5 млрд теңге табыс тапқан еді.
Сондай-ақ сәуір айында сектордың салыққа дейінгі пайдасы да төмендеген. Егер наурызда бұл көрсеткіш 257,6 млрд теңге болса, сәуірде 248,6 млрд теңгеге дейін қысқарған.
Сарапшылар мұны несие нарығындағы өзгерістермен, шығындардың өсуімен және экономикалық белсенділіктің баяулауымен байланыстырып отыр.
Сіздің ойыңызша, бұл жағдай халыққа қалай әсер етуі мүмкін?