Live

Қазақстан бензин мен дизель экспортын тағы жарты жылға шектемек

Қазақстанда бензин мен дизель отынын елден шығаруға қойылған тыйымды тағы 6 айға ұзарту жоспарланып отыр.

Фото: ашық дереккөз

Тиісті бұйрық жобасын Энергетика министрлігі қоғамдық талқылауға ұсынды.

Құжатқа сәйкес, шектеу 2026 жылғы 22 қарашадан 2027 жылғы 22 мамырға дейін күшінде болады. Тыйым Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге экспортталатын мұнай өнімдеріне де қатысты.

Сонымен қатар гуманитарлық көмек аясында жөнелтілетін жүктер мен Үкіметтің арнайы шешімімен жүзеге асырылатын мұнай өнімдерінің экспорты бұл шектеуге кірмейді.

Бұйрық жобасы «Ашық» порталында 21 шілдеге дейін қоғамдық талқылаудан өтеді.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанға кіретін шетелдік жүк және жеңіл көліктерге жанармай тасымалдауға қатысты шектеулер енгізілген болатын.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: жанармай