спорт

Қазақстан қоржынына тағы бір алтын: Санжар Тәшкенбай финалда өзбек боксшысын жеңді

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Қытайдың Гуйян қаласында өткен World Boxing ұйымының Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды.

Фото: ҚР ҰОК

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы финалда Өзбекстан өкілі Асылбек Жалиловпен қолғап түйістірді. Тартысқа толы жекпе-жек қорытындысында төрешілер жеңісті 3:2 есебімен Тәшкенбайға берді.

Осылайша, қазақстандық былғары қолғап шебері халықаралық турнирдің басты жүлдесін иеленсе, өзбекстандық боксшы күміс медальмен шектелді.

Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай бұған дейін де әлемдік аренада бірнеше ірі жетістікке қол жеткізген. Ол 2023 жылы IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанса, 2025 жылы World Boxing ұйымының әлем чемпионатында топ жарған. Сонымен қатар, 2022 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы саналады.

Сайт Әкімшілігі