спорт

Қазақстан қоржынына тоғызыншы алтын медаль түсті

Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында қазақстандық каратэші Қайсар Алпысбай алтын медаль алды.

Фото: из открытых источников

Ол финалда екі дүркін Азия чемпионы кувейттік Абдулла Шаабанды 7:5 есебімен жеңіп, ел қоржынына Азия ойындарының тоғызыншы «алтынын» салды.

Бұған дейін тағы бір қазақстандық каратэші Әсел Қанай ирандық Атуса Гольшаднежадты жеңіп, қола жүлдегер атанған болатын.

Біздің спортшылар қазірге дейін жалпы 66 медаль алды. Оның ішінде 9 алтын, 16 күміс, 41 қола медаль бар.

Жангүл Есениязова