спорт

Қазақстан құрамасы асық атудан жеңімпаз атанды

Асық атудан Қазақстан ерлер құрамасы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанды.

Фото: gov.kz

А тобында қарсылас шақ келтірмей алғашқы орынмен ақтық сынға жолдама алған Қазақстан ерлер құрамасы Қырғызстанмен кездесті.

Алау мұз айдыны кешенінде өткен финалдық ойында отандық асықшылар қарсыластарын 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетейік, асық атудан Қазақстан ерлер құрамасы топтық кезеңде Өзбекстан, Испания, Грузия, Мажарстан және Монғолия құрамаларын 3:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.

Nazym Sapar