спорт

Қазақстан құрамасы қоржынына төртінші алтын медаль түсті

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында байдарка және каноэде есуден қазақстандық спортшылар жеңімпаз атанды. Бұл ұлттық құрама қоржынына түскен төртінші алтын медаль.

Фото: из открытых источников

 Байдарка және каноэде есуден (MS2 500 метр) Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров үздік шықты. Олар 1:49,237 уақыт көрсеткішімен бірінші келді.

Қазіргі таңда Қазақстанның қоржынында 4 алтын, 7 күміс және 25 қола – жалпы 36 медаль бар.

Жангүл Есениязова