Қазақстан мен Қырғызстан көкпардан әлемдік ойындардың финалында алтынға таласады
Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан финалға жолдама алды.
Ұлттық құрама бұған дейін Ресей мен Венгрия командаларын жеңді. Шешуші кездесу 6 қыркүйекте Қазақстан мен Қырғызстан арасында өтеді.
Айта кетейік, өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақстандық көкпаршылар Қырғызстан құрамасынан басым түскен.