Live

Қазақстан мұнайды Әзербайжанға жеткізуді үш есе арттырды

Қазақстан бюджеті Әзербайжанға мұнай экспорттау есебінен 58 млн доллармен толықты.

Фото: ашық дереккөз

2025 жылдың қаңтар–қазан айлары аралығында Қазақстан Әзербайжанға битуминозды жыныстардан алынған 105,4 мың тонна шикі мұнай мен мұнай өнімдерін экспорттаған. Келісімдердің жалпы құны 58 млн долларды құрады.

Осылайша, Қазақстан өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жеткізу көлемін 70,8 мың тоннаға, яғни бірден үш есе ұлғайтқан. Қаржы өсімі 35,2 млн долларды немесе 2,5 есені көрсетті. Мұндай деректерді Әзербайжанның кеден комитеті келтіреді.

Сайт Әкімшілігі