Қазақстан мұнайы Германияға «Дружба» құбыры арқылы қайта жеткізілуі мүмкін
Қазақстан мұнайы Германияға «Дружба» магистральдық мұнай құбыры арқылы қайта жеткізілуі мүмкін. Алайда бұл үшін транзиттік тараптағы инфрақұрылымдық шектеулер жойылып, тараптар өзара келісімге келуі қажет.
Қазақстан Энергетика министрлігінің мәліметінше, 1 мамырдан бастап қазақстандық мұнайдың Германияға «Дружба» құбыры арқылы жеткізілуі транзиттік инфрақұрылымдағы техникалық шектеулерге байланысты тоқтатылған.
Ведомствоның хабарлауынша, инфрақұрылымға қатысты мәселелер шешілген жағдайда мұнай жеткізу қайта жандануы ықтимал.
Дегенмен, бұл үшін тараптардың тиісті келісімге келуі қажет. Қазіргі уақытта мұнай экспортын қайта бастау жөнінде нақты келісім жасалғаны туралы ақпарат жоқ.
Министрлік қазақстандық мұнайдың Германия нарығына жеткізілуі инфрақұрылымның техникалық мүмкіндігіне және тараптардың ұстанымына байланысты екенін атап өтті.