Қазақстан мұнайының жеткізілімі тоқтағаннан кейін Румынияда жанармай тапшылығы туындауы мүмкін
Бұл туралы румыниялық экономикалық кеңесші Адриан Негреску мәлімдеді.
Оның айтуынша, Қазақстаннан жеткізілетін мұнай Румынияның жалпы мұнай импортының 63 пайызын құрайды. Қазақстан Каспий құбыр консорциумы (КТК) арқылы мұнай жеткізуді тоқтатқаннан кейін елдің жанармай нарығы бұрын-соңды болмаған күрделі кезеңге өткен.
«Бірнеше ай бұрын Қазақстан мұнай жеткізуді тоқтатса, жанармай тапшылығы болуы мүмкін деп қауіптенген едік. Енді бұл қауіп шындыққа айналуы ықтимал», - деп жазды Негреску Facebook парақшасында.
Ол Румыния парламентін алдағы жанармай дағдарысы мәселесін шұғыл қарастырып, мұнай жеткізудің балама көздерін іздеуге шақырды.