Live

Қазақстанда 21 мыңнан астам азамат әскери қызметке аттанды

Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру науқаны аяқталды.

Фото: ашық дереккөз

Биылғы жоспарға сәйкес, 18 бен 27 жас аралығындағы 21 мыңнан астам азамат мерзімді әскери қызметке шақырылды.

Әскерге шақырылғандардың:

🔺11 мыңнан астамы – Қарулы күштердің қатарына;

🔺7 мыңнан астамы – Ұлттық ұланға;

🔺2 мыңға жуығы – ҰҚК Шекара қызметіне;

🔺400-ге жуығы – Төтенше жағдайлар министрлігіне;

🔺300-і – Мемлекеттік күзет қызметіне жіберілді.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: сарбаз