Қазақстанда бала туу көрсеткіші соңғы төрт жылда шамамен 25%-ға төмендеді
Қазақстанда бала туу көрсеткіші төмендеуін жалғастырып жатыр.
Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, бірнеше жыл бойы отбасылардағы балалардың орташа саны 1,1 деңгейінде сақталса, биыл бұл көрсеткіш 1-ге дейін төмендеген.
Ең жоғары көрсеткіш халық тығыз орналасқан оңтүстік өңірлерде тіркелген. Атап айтқанда:
🔺Түркістан облысында – 2,1;
🔺Қызылорда облысында – 1,7;
🔺Жамбыл облысында – 1,4;
🔺Шымкент қаласында – 1,2.
Ал ең төменгі көрсеткіш Шығыс Қазақстан облысында байқалды. Мұнда отбасылардағы балалардың орташа саны небәрі 0,5-ті құраған.
Статистикаға сәйкес, соңғы төрт жыл ішінде еліміздегі бала туу көрсеткіші 24,9%-ға қысқарған.