Live

Қазақстанда емханаға тіркелудің жыл сайынғы науқаны тоқтатылды

Қазақстанда жыл сайын 1 қыркүйекте басталатын емханаға тіркелу науқаны тоқтатылды. Енді азаматтар емхананы жылдың кез келген уақытында, жылына бір рет ауыстыра алады.

Jasalash.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, мемлекеттік немесе жекеменшік емхананы таңдауға болады. Басты талап – медициналық ұйым МӘМС қорымен алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөнінде келісімшарт жасаған болуы керек.

2026 жылы мұндай 687 ұйым бар: 355 мемлекеттік және 332 жекеменшік.

Емханаға eGov арқылы немесе медициналық ұйымға жеке барып тіркелуге болады. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қаралады.

Алайда аумақтық қолжетімділік қағидаты сақталады. Яғни азамат нақты тұратын жеріне жақын емхананы таңдауы тиіс. Учаскелер шамадан тыс жүктелсе немесе басқа аумаққа қарайтын емхана таңдалса, тіркеуден бас тартылуы мүмкін.

Бұған дейін азаматтар емхана мен дәрігерді негізінен 1 қыркүйек пен 1 қараша аралығындағы науқан кезінде ауыстыратын. Енді мұндай нақты мерзім болмайды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: МӘМС