Қазақстанда этникалық қазақтарға берілетін визалардың мерзімін қысқарту жоспарланып отыр
Қазақстанда этникалық қазақтарға арналған С1 және С10 санатындағы визалардың қолданылу мерзімін қысқарту ұсынылды.
Тиісті өзгерістер Сыртқы істер және Ішкі істер министрліктерінің бірлескен бұйрығына енгізілмек. Жоба авторларының айтуынша, бұл бастама визалық реттеуді жетілдіруге, көші-қон бақылауын күшейтуге және визалардың қолданылу мерзімін оларды рәсімдеу мақсаттарына сәйкестендіруге бағытталған.
Қазіргі талап бойынша С10 санатындағы виза этникалық қазақтарға жеке сапарлар үшін беріледі. Бір реттік виза 90 тәулікке дейін жарамды болса, көп реттік визаның мерзімі үш жылға дейін жетеді. Алғаш рет берілетін көп реттік виза бір жылға дейін рәсімделеді.
Енді аталған визалардың қолданылу мерзімін қысқарту мәселесі қаралып жатыр.