Қазақстанда хантавирусқа байланысты санитарлық бақылау күшейтілді
Қазақстан аумағында хантавирусты жұқтыру деректері тіркелген жоқ.
Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов мәлімдеді.
Оның айтуынша, еліміздегі санитарлық-карантиндік бекеттер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хантавирусты жаһандық пандемия қаупі ретінде бағаламайтыны айтылды.
Вице-министрдің сөзінше, вирус ауа арқылы таралмайды. Инфекцияны жұқтыру тек науқаспен өте жақын байланыста болған жағдайда мүмкін.