Live

Қазақстанда жаңа туған нәрестелерді 500 000 теңгеге сатқан

ҚР Қылмыспен күрес департаментінің адам саудасына қарсы басқармасының орынбасары Шынар Көшербаева Қазақстанда жаңа туған нәрестелерді саудалау фактілерін жария етті.

Фото: ашық дереккөз

Астанада өткен дөңгелек үстел барысында Шынар Көшербаева жаңа туған балаларды асырап алу мақсатында саудалағаны үшін ҚР ҚК 135-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылатынын еске салды.

«Схема мынадай: бір жағында бала асырап алғысы келетін ата-аналар, екінші жағында өз баласын тастағысы келетіндер. Ортасында делдалдар тұрады, олар екі тарапты іздеп тауып, жеке мақсаттары үшін ақша табады. Бағасы – 500 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін. Мұндай фактілер тіркелген», - деді спикер.

 

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: сәби