Live

«Қазақстанда жасалды» деп көрсетілген медициналық жабдықтар шетелден әкелінгені анықталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті OrdaMed компаниясының шетелдік медициналық өнімдерді өзінікі деп көрсету үшін жалған құжаттар рәсімдегенін анықтады.

Фото: из открытых источников

Осылайша компания мемлекеттік клиникаларға 28 түрлі жабдық жеткізіп, жәрдемақы алған.

Мемлекетке келтірілген залалдың көлемі 4,5 миллиард теңгені құрайды. Тінту кезінде басшылықтан 1 миллиард теңгеден астам инвестициялық монета тәркіленді. Сондай-ақ Interdentica, Erkin Brand және OrdaMed компанияларының акциялары тоқтатылды.

Сот шешімімен техникалық директор, бұрынғы басқарма басшысы және өндіріс бөлімінің басшысы қамауға алынды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: медицина