Live

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді

Енді жаңа ережеге сәйкес, азаматтар жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханды ақылы түрде шектеусіз тапсыра алады.

Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

 Алайда әр әрекеттің арасында кемінде 10 күнтізбелік күн үзіліс болуы тиіс.

Бұл мәселе Үкімет отырысында Жаслан Мәдиев төрағалығымен қаралды. Жиында емтихан жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар өзгерістер бекітілді.

Атап айтқанда, Қазақстан Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, емтихан тапсыру процесінің ашықтығы мен әділдігін арттыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және жүргізушілерді даярлау сапасын көтеру шаралары қарастырылған.

Жаңа талаптар жүргізуші куәлігін алу жүйесін анағұрлым әділ әрі тиімді етуге бағытталған.

Сайт Әкімшілігі