спорт

Жоламан Биғабыл Азия ойындарының чемпионы атанды

Қазақстандық каратэші Жоламан Биғабыл Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

Фото: Арлан Олжабай

Ерлер арасындағы кумитэ бәсекесінде 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы финалда Өзбекстан өкілі Хумоюнмирзо Халимовпен кездесті.

Шешуші жекпе-жекте Жоламан Биғабыл қарсыласын 9:1 есебімен айқын жеңіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.

Айта кетейік, ХХ жазғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Каратэ бағдарламасында ерлер арасындағы 55 келіге дейінгі кумитэ жарысы бар. 

Сайт Әкімшілігі