Live

Қазақстандықтар ақшасын теңгемен сақтауға көшті

Соңғы он жылда қазақстандықтардың ұлттық валютадағы депозиттері 13 есеге артты. Ал шетел валютасындағы салымдар, керісінше, азайған.

Фото: ortcom.kz

Бұл туралы Ranking.kz мәлімет таратты.

Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша халық депозиттерінің 82%-ы теңгемен сақталған. Бұл көрсеткіш рекордтық деңгейге жетіп, азаматтардың ұлттық валютаға деген сенімінің артқанын көрсетеді.

Фото: скриншот

 

Халық жинағының ең көп бөлігі Алматы қаласында шоғырланған. Қала үлесіне елдегі барлық депозиттердің 39%-ы тиесілі.

Екінші орында Астана тұр. Мұнда салым көлемі 25,4%-ға өскен. Үздік үштікті 19,4% өсім көрсеткен Қарағанды облысы түйіндеді.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: теңге