Live

Қазақстанға гүл жеткізетін басты ел аталды

Қазақстанға гүл жеткізу бойынша негізгі ел – Эквадор болып қала берді.

Фото: ашық дереккөз

Ұлттық статистика деректеріне сәйкес, бұл елдің үлесіне барлық импорттың шамамен 42 пайызы тиесілі (4 586 тонна). Алайда Эквадордан жеткізілім 29 пайызға қысқарған, соның салдарынан оның нарықтағы үлесі 54 пайыздан төмендеді.

Жалпы алғанда, Қазақстанға гүлдер әлемнің 45 елінен жжеткізіеді.

Өткен жылы Қазақстанға шамамен 11 мың тонна кесілген гүл мен гүл бүршігі импортталған. Импорттың жалпы құны 77,6 миллион долларды құрады. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда аздап төмен. Ал экспорт көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 1,4 мың тоннаға азайған.

Қазақстанға гүл жеткізетін ірі елдердің қатарында:

Қытай – 2 678 тонна,

Нидерланд – 1 702 тонна,

Колумбия – 778 тонна,

Кения – 739 тонна бар.

Қазақстандықтар арасында ең сұранысқа ие гүл – раушан. Оның үлесіне барлық жеткізілім көлемінің жартысынан астамы (6 219 тонна) тиесілі.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Гүл импорты