Live

«ҚазТрансОйл» қызметкері Құлсарыдағы сенбілік кезінде қаза тапты

«ҚазТрансОйл» АҚ Құлсары қаласында өткен сенбілік кезінде компания қызметкерінің қаза тапқанын растады.

Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы компанияның еңбекті қорғау, қоршаған орта және төтенше жағдайлар департаментінің директоры А. Қабылов қол қойған жауапта айтылған.

Компания мәліметінше, қайғылы оқиға жол апаты салдарынан болған.

Қазіргі уақытта оқиғаның себептерін анықтау үшін мемлекеттік органдармен бірлескен тергеу жүргізіліп жатыр.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: ҚазТрансОйл