Live

«Қазцинк» зауытындағы жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды: біреуінің халі өте ауыр

Өскемендегі «Қазцинк» кәсіпорнында болған жарылыс салдарынан зардап шеккендердің жағдайы туралы дәрігерлер мәлімет берді.

Фото: ашық дереккөз

Дәрігерлердің айтуынша, 5 мамыр күні таңертең жедел жәрдемге бірден бірнеше зардап шеккен адам жеткізілгені туралы хабар түскен.

«Барлығы бес адам жеткізілді: төрт ер адам және бір әйел. Барлығы тексеріліп, талдаулар алынды, ми шайқалуын жоққа шығару үшін компьютерлік томография жасалды. Үшеуінде тек жеңіл соққы мен сызаттар анықталып, олар үйіне жіберілді», – деді облыстық мамандандырылған медициналық орталық директорының емдеу ісі жөніндегі міндетін атқарушы Мұрат Нұрбикенов.

Қазіргі уақытта екі адам ауруханаға жатқызылған. 1980 жылы туған ер адамның жағдайы аса ауыр: денесінің 90 пайыздан астамы күйген, жоғарғы тыныс жолдары мен көздің қасаң қабығы зақымданған, травмадан кейінгі шок жағдайында. Оған барлық қажетті шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, жансақтау бөліміне орналастырылған.

Екінші зардап шеккен – 1974 жылы туған ер адам. Оған бел омыртқа бөлігінің жарақаты, үшінші омыртқаның сынуы сынуы диагнозы қойылған. Ол травматология бөліміне жатқызылып, тиісті медициналық көмек көрсетілуде.

Айта кетейік, 5 мамыр күні Өскемен қаласында «Казцинк» зауыты аумағында шаң ұстау құрылғысында жарылыс болып, кейін өрт шығып, нысанның бір бөлігі құлаған. Өрт сөндіріліп, оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеген.

Сайт Әкімшілігі