Live

Кеңес Рақышевтің БТА Банкіндегі үш топ-менеджер бір жылда 238,5 млн теңге алған

2025 жылы Кеңес Рақышевке тиесілі БТА Банкінің басқарма мүшелері сыйақы ретінде жалпы 238,5 млн теңге алған.

Фото: ашық дереккөз

Үш топ-менеджердің әрқайсысына орта есеппен жылына 79,5 млн теңгеден немесе айына шамамен 6,62 млн теңгеден тиесілі болған.

Соңғы бес жылда бір топ-менеджердің орташа жылдық сыйақысы үш еседен астам өсіп, 25,7 млн теңгеден 79,5 млн теңгеге дейін жеткен. Осы кезеңде басқарма мүшелерінің саны сегіз адамнан үш адамға дейін қысқарған.

Қазіргі таңда БТА Банкі дәстүрлі банктік қызметпен айналыспайды. 2015 жылы қайта құрылымдалып, Казкоммерцбанкпен біріктірілгеннен кейін қаржы ұйымы инвестициялық компанияға айналып, негізінен проблемалық активтерді өндіріп алу және қайта құрылымдау жұмыстарын жүргізіп келеді. Сонымен қатар соңғы жылдары банк шетелдегі активтерінен кезең-кезеңімен шығып жатыр.

Бүгінде БТА Банкінің 100 пайыз акциясы қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышев иелігінде.

Сайт Әкімшілігі