Қырғызстандағы қонақүйде еврейлер мен жануарларға кіруге тыйым салынды
Ош қаласындағы қонақүйлердің бірінде «еврейлер мен жануарларға кіруге болмайды» деген кемсітушілік сипаттағы жазуы бар тақтайша пайда болды. Жергілікті және халықаралық БАҚ мәліметінше, бұл оқиға Villa қонақүйінде болған. Аталған жазу бірнеше тілде ілініп, әлеуметтік желілерде тез таралған.
Қазақстан мен Қырғызстандағы Израиль елшілігі бұл жазуды «ашық антисемиттік әрі қорлайтын» деп бағалап, мұндай әрекеттердің жол беруге болмайтынын мәлімдеді. Дипломатиялық миссия мұның адамгершілік, теңдік және өзара құрмет қағидаттарына қайшы екенін атап өтті.
Ош қалалық ішкі істер басқармасы аталған жағдай бойынша тексеру басталғанын хабарлады. Қырғызстандық БАҚ-тың жазуынша, қонақүй әкімшілігі тақтайша ғимарат иесінің бастамасымен ілінгенін айтқан. Құқық қорғау органдары араласқаннан кейін ол алынып тасталған.
Қоғамда резонанс тудырған оқиғадан кейін Израиль тарапы жергілікті биліктің жедел әрекетіне оң баға берді. Қазіргі уақытта оқиға бойынша тексеру жалғасып жатыр.