Қызылордада каналдан денесі табылған қыздың өліміне күдікті ұсталды
Қызылорда облысының Шиелі ауданында денесі канал суынан табылған қыз баланың өліміне күдікті ұсталды.
Облыстық полиция департаменті хабарлағандай, ол сол ауданның тұрғыны болып шықты.
"Күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жарияланбайды", - деді департаменттің тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асылбек Бексейітов.
Еске салайық, Медина Мұратқызы 5 маусым күні шамамен сағат 18:30 шамасында Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің жағалауына жақын орналасқан «Рисмаш» ауданындағы үйінен шығып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз болып келген.
6 жасар Медина Мұратқызының мәйіті 8 маусым күні Сырдария өзенінен табылды.
Бүлдіршінді іздеуге құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылып, екі тәулік бойы ауқымды іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілді.