Аймақ

Қызылордалық жүргізушілер VIP - нөмірлер тағады

Қызылордалық жүргізушілер көп жағдайда темір тұлпарларына VIP - нөмірлерді таққанды қалайды. Жыл басынан бері облыс тұрғындары сәнді нөмірлерді сатып алу үшін 290 миллион теңгеден астам қаражат жұмсаған, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Фото: Айнұр Төлешова

Қызылордалық автожүргізушілер жеке имидждеріне көп көңіл бөлетінге ұқсайды. Себебі көліктеріне сәнді әрі бағасы аса қымбат нөмірлерді тағады. Бұл мәліметті Қызылорда облыстық ХҚКО - ның баспасөз орталығы таратып отыр.

“Жыл басынан бері аймағымызда 2700-ден аса автомобиль тіркеліп, 1197 жүргізуші куәлік берілген.
Қызылорда облысында 070, 077, 101 цифрлық белгісі бар мемлекеттік нөмірлер сұранысқа ие. Әрбір осындай нөмірдің мемлекеттік баж мөлшері 57 АЕК (2024 жылы - 210 444 теңге) құрайды.
Ең қымбат әріптері бірдей VIP нөмірлер 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777. Әрбір осындай нөмір үшін мемлекеттік баж 285 АЕК құрайды, яғни 1 052 220 теңге”, - деп мәлімдеді мекеменің ресми өкілі.

Естеріңізге салайық, жоғары сұранысқа ие нөмерлерді саты елімізде 10 жыл бұрын тәжірибеге енгізілген болатын.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: қызылорда