спорт

Көкпардан Қазақстан құрамасы алтын жүлдеге ие болды

Көкпардан Қазақстан құрамасы көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанды.

Фото: gov.kz

Финалдық ойында Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасын 5:4 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге ие болды.

Алғашқы таймда 1:3 есебімен Қырғызстан құрамасы алға шықты.

Екінші таймда есеп теңесіп, 4:4 есебімен аяқталды.

Үзілстен кейін «алтын салым» салуға 10 минут уақыт беріліп, шешуші салымды қазақстандық көкпаршы салды. Тартысқа толы бәсеке 5:4 есебімен аяқталып, қазақстандық көкпаршылар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтын жүлдесіне ие болды.

Nazym Sapar
Тегтер: көкпар