Live

Көкшетауда белсенді Амангелді Жахиннің ісі жабық сотта қаралды

Бұл туралы Toiken Media хабарлады. Басылым мәліметінше, Көкшетауда оппозициялық белсенді Амангелді Жахинге қатысты сот процесі өтті. Қоғам белсенділері мен қорғаушылардың сотты ашық форматта өткізу туралы талабына қарамастан, іс жабық режимде қаралған.

Фото: ашық дереккөз

Амангелді Жахинге «тыйым салынған ұйым қызметіне араласу» және «экстремистік ұйымды қаржыландыру» баптары бойынша айып тағылып отыр.

Осыған ұқсас айыппен бұған дейін тіркелмеген «Алға, Қазақстан» партиясының жетекшісі Марат Жыланбаев сотталған болатын.

Еске салсақ, 2025 жылғы 18 қарашада Астанада тіркелмеген «Алға, Қазақстан» қозғалысының белсендісі Амангелді Жахиннің және оның ұлының үйлерінде тінту жүргізілген еді.

Амангелді Жахин - бірнеше жылдан бері партия ретінде тіркеле алмай жүрген «Алға, Қазақстан» ұйымының жетекшілерінің бірі. Бұған дейін ол «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» деген айыппен 20 тәулікке қамауға алынған.

Сайт Әкімшілігі