Live

Көкшетауда көлік қағып кеткен әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Көкшетауда жол талғамайтын көліктің астында қалып қаза тапқан әйелдің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Фото: скриншот

“Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді сенбі күні Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде қаладағы шағын аудандардың бірінде болған өлімге әкелген жол апатының видеосы тараған еді. Кадрларда жол талғамайтын көлік бұрылу кезінде әйелді қағып кетіп, тоқтағаны көрінеді. Ал жәбірленуші көліктің астында қалған.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: жол апаты