Көкшетауда құны 30 млн теңге болатын синтетикалық есірткі тәркіленді
Полиция қызметкерлері ірі есірткі сатушының қызметін тоқтатып, заңсыз айналымнан синтетикалық есірткілер партиясын тәркіледі.
Алынған есірткінің құны қара нарықта шамамен 30 млн теңгені құрайды. Тексеру барысында Ақмола облысының 47 жастағы тұрғыны тыйым салынған заттарды сақтап, оларды буып-түюмен айналысқаны анықталды.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде есірткімен күрес полицейлері күдіктіні облыс орталығының аумағында ұстады. Автокөлікті тінту кезінде психотроптық заты бар екі полиэтилен пакет табылып, тәркіленді.
Сонымен қатар тергеу іс-қимылдары барысында күдікті Көкшетауға синтетикалық есірткінің ірі партиясын жеткізгені анықталды, оны шағын дозаларға бөліп, одан әрі тарату үшін жеткізуші-курьерлерге беруді жоспарлаған.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды, қылмыстық әрекеттің барлық мән-жайы және ұсталған адамның сыбайластары анықталып жатыр.