Live

Қостанай Ресейге сатыла ма? - вице-министр жауап берді

Қостанай тұрғындары қалаға қатысты кейбір тұлғалардың "Ресейдің бір бөлігі" деген пікірлеріне алаңдаушылық білдірген.

Фото: ашық дереккөз

Бұл мәселеге байланысты ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха жауап берді. Оның айтуынша, мұндай мәлімдемелер — ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған әрекеттер.

— Қостанай — Қазақстанның ажырамас бөлігі. Ол әрқашан еліміздің құрамында болды және қала береді. Қоғам бұндай әрекеттерге бірыңғай, нақты ұстаным танытуы қажет. Арандатушылыққа жол беруге болмайды, - деді Лепеха.

Сондай-ақ, ол бұл мәселеде құқық бұзушыны көріп тұрып үндемегендер де жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін ескертті.

— Қостанайды ешкімге бермейді — бұл нақты әрі анық, - деп түйіндеді вице-министр.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Қостанай