спорт

Кроссовка кесірінен алтыннан айырылды: Азиадада қазақстандық спортшының нәтижесі жойылды

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Азия ойындарында спорттық жүрістен мәреге бірінші келгенімен, кейін нәтижесі жойылып, алтын медальдан айырылды.

Фото: Арлан Олжабай / ҚР ҰОК

Тоқсанбаева 42,195 шақырымдық марафон қашықтығында жеңіске жеткен. Алайда жарыстан кейін қарсыластары оның аяқ киіміне қатысты наразылық білдірген.

Тексеру барысында спортшы киген ASICS кроссовкасының моделі World Athletics жарыстарда қолдануға рұқсат берген аяқ киімдердің ресми тізімінде жоқ екені анықталған. Осыған байланысты қазақстандық спортшының нәтижесі есептен шығарылды.

Ясмина Тоқсанбаева бұған дейін әлеуметтік желіде медальдан айырылған күннің өзінде алдағы жарыстарға қайта шығып, нәтижесін тағы дәлелдеуге дайын екенін жазған.

Сайт Әкімшілігі