Live

«ҚТЖ» басшысы қызметінен кетті

Талғат Алдыбергенов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы қызметінен кетті.

Фото: ашық дереккөз

Компанияның мәліметінше, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның жалғыз акционер ретіндегі шешімімен Талғат Алдыбергеновтің басқарма төрағасы ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды.

«Жалғыз акционердің шешімімен "ҰК "Қазақстан темір жолы" АҚ басқарма төрағасы Алдыбергенов Талғат Сағиұлының өкілеттігі тоқтатылды», – делінген ресми хабарламада.

Әзірге ұлттық теміржол компаниясының жаңа басшысы кім болатыны туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: ҚТЖ