Құлыбаевтардың холдингі 203 млрд теңге дивиденд алады
«Алмэкс» холдингтік тобы 2026 жылдың алғашқы алты айындағы қызметінің қорытындысы бойынша 203,2 миллиард теңге дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады.
Дивиденд компанияның қаңтар-маусым айларындағы таза табысынан төленеді. Бір жай акцияға шаққандағы төлем мөлшері 8 940,15 теңгені құрайды.
Қаражат холдингтің жалғыз акционері – «Алмэкс» холдингтік тобына аударылады. Дивиденд банк шотына ақшалай түрде төленеді.