Қоғам

Құрылтай депутаттарының қабылдауына онлайн жазылуға болады

Құрылтай депутаттарымен жеке кездескісі келетін азаматтар енді ресми сайт арқылы қабылдауға алдын ала жазыла алады.

Фото: Ақорда

Ол үшін сайттағы «Қоғамдық қабылдау» бөліміне кіріп, «Қабылдауға жазылу» қызметін таңдау қажет. Сол жерде өтініштің мәртебесін де тексеруге болады.

Қазір сайтта депутаттардың қабылдау кестесі қыркүйек айының соңына дейін жарияланған. Әр күнге бір депутаттан белгіленген. Қабылдауға жазылу кезінде азаматтар ұсынылған уақыттардың ішінен бір ғана уақытты таңдай алады.

Сайт Әкімшілігі