Live

Құрылтай сайлауы: «Әділет» партиясы 71 пайыздан астам дауыс жинады

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлаудың алдын ала нәтижесін жариялады.

Фото: из открытых источников

Дауыс санаудың алдын ала қорытындысы бойынша «Әділет» партиясы сайлаушылардың 71,17 пайыз дауысын жинаған.

ОСК мәліметінше, партиялар арасындағы дауыс үлесі былай бөлінді:

  • «Әділет» – 71,17%;

  • «Ауыл» – 6,26%;

  • Respublica – 5,56%;

  • «Ақ жол» – 5,21%;

  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 5,11%;

  • Қазақстан халық партиясы (ҚХП) – 3,11%;

  • «Байтақ» жасылдар партиясы – 1,07%;

  • «Барлығына қарсымын» – 2,51%.

Осылайша, алдын ала нәтиже бойынша бес партия – «Әділет», «Ауыл», Respublica, «Ақ жол» және ЖСДП Құрылтайға өту үшін белгіленген 5 пайыздық межеден асты. ҚХП мен «Байтақ» қажетті көрсеткішке жете алмады.

Айта кетейік, 23 тамызда өткен Қазақстан тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауынан кейін жарияланған экзитполдарда да «Әділет» партиясы 70 пайыздан астам дауыс жинап, бірінші орын алатыны болжанған.

Сайт Әкімшілігі