Live

Курск облысында электр станцияларына жасалған шабуылдан кейін 16 мың тұрғын жарықсыз қалды

Курск облысының губернаторы Александр Хинштейннің мәліметінше, украиналық дрондардың бірнеше электр қосалқы станциясына жасаған шабуылы салдарынан Глушков, Рыльск және Коренево аудандарында 16 мыңнан астам адам жарықсыз қалған.

Фото: ашық дереккөз

 Бұл туралы ол өз Telegram-арнасында хабарлады.

Губернатор жариялаған суреттерде өндірістік нысандағы өрт анық көрінеді.

Хинштейннің айтуынша, зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ, шабуылдың нақты салдары анықталып жатыр. Рыльск ауданының тұрғындары қазірдің өзінде резервтік электр көзіне қосылған.

Украина тарапы Курск облысындағы энергетикалық нысандарға соққы жасалғаны жөнінде ресми ақпарат таратқан жоқ.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Украина