Live

Литвада ядролық қару орналастыруға жол ашылуы мүмкін

Түзетуді 99 депутат қолдаса, 13 депутат қарсы дауыс берген.

Фото: ашық дереккөз

Тағы бесеуі қалыс қалған. Енді құжатты тиісті парламенттік комитеттер қарайды. Түзетуді түпкілікті қабылдау үшін тағы екі дауыс беру қажет. Олар үш айлық аралықпен өткізіледі.

Алғашқы дауыс беру 6 қазанға, ал соңғы дауыс беру 2027 жылдың 12 қаңтарына жоспарланған. Маусым айында Financial Times АҚШ-тың Польша мен Балтық жағалауындағы елдерге ядролық қару орналастыру мүмкіндігін талқылап жатқанын жазған. Сол кезде Литва келіссөздер жүргізіліп жатқанын және бұл үшін Конституцияға өзгеріс енгізу мүмкін екенін растаған.

Қыркүйекте Кремль Литва өз аумағына ядролық арсенал орналастырған жағдайда, ел Ресейдің ядролық қаруының «нысанына» айналатынын мәлімдеді.

Қазір ядролық қару тасымалдауға қабілетті америкалық қос мақсаттағы ұшақтар НАТО-ның алты елінде - Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Нидерланд және Түркияда орналасқан.

Ал Ресей Украинаға қарсы соғысты бастағаннан кейін өзінің ядролық қаруын Беларусь аумағына орналастырған.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Ядролық қару