Саясат

«Мәдина Әбілқасымова өз орнында қалуы мүмкін»

Президент пен парламент сайлауы жақындап келеді. Сайлау уақтысынан бұрын өтетін болса, Үкімет тағы да отставкаға кетеді.

Jasalash.kz
Сонда олар қашан жұмыс жасап үлгереді? Бұндай пікірді саясаттанушы Максим КАЗНАЧЕЕВ Жас Алаш тілшісіне білдірді.«Жаңа министрлер кабинетінің жасақталуына скептиктік көзқарастамын. Үкімет жаңа сайлау циклына дейін жұмыс жасайды ғой. Егер сайлау мезгілінен бұрын өтетін болса, тағы да отставкаға кетуі тиіс. Сайлау уақыты да жақындап келеді. Демек үкімет аз уақыт ішінде түк те жасап үлгермейді. Сондықтан да бұл жаңа тағайындаулар экономикалық тұрғыдан да, саяси тұрғыдан да тиімді болмайды», — дейді саясаттанушы. Ақпан айының басында Астанада болған трагедиядан кейін қоғам тарапынан Еңбек және әлеуметтік қолдау министрлі Мәдина ӘБІЛҚАСЫМОВА сынның астында қалған еді. Қоғам тарапынан оның отставкасы талап етілді. Саясаттанушыға мемлекет басшысы ел пікірімен санаса ма дегенді де сұрап көрген едік.  «Мадина Әбілқасымованың үкіметте қалу мүмкіндігі елу де елу. Өйткені, ол министрлік қызметте көп отырған жоқ. Әдетте президент шенеуніктерге 2-3 жыл жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан да алдағы парламент сайлауына дейін министр ханым өз орнында қалауы ықтимал».Сондай-ақ, сарапшы кімнің министрлер кабинетімен қош айтысу мүмкін екеніне болжам да жасап көрді.«Экономикалық блокта көптен бері еңбек етіп жүрген ведомства басшылары ауысы мүмкін. Олар — Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ пен Жеңіс ҚАСЫМБЕК. Экономика саласына жауапты бұл шенділер соңғы 3-4 жылда жақсы қырынан өздерін көрсете алмады. Президент осыларды басқа адамдарға алмастыруы мүмкін».Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ премьер-министрлікке Асқар МАМИННІҢ кандидатын ұсынды. Мәжіліс бірауыздан қолдап отыр. Асқар Маминді Қазақ Үкіметінің оныншы басшысы деп айтуға болады. Фото ғаламтордан алынды. 
Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега