спорт

Махмұд Сабырхан Азия ойындарында қола жүлдеге қол жеткізді

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалына өте алмады.

Фото: Арлан Олжабай

Отандық былғары қолғап шебері 55 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Карло Пааламмен (Филиппин) кездесті.

Тартысқа толы жекпе-жекте Филиппин өкілі 3:2 есебімен жеңіске жетті. 

Осылайша Махмұд Сабырхан үшінші қола медальді қоржынға салды. Бұған дейін Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) және Наталья Богданова (75 келіге дейін) қола алған еді.

Сайт Әкімшілігі