Маңғыстаудағы оқу-жаттығу кезіндегі трагедия: ІІМ журналистер мен блогерлерге қоңырау шалынғанын жоққа шығарды
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде болған трагедия туралы жазған журналистер мен блогерлерге полиция қызметкерлері қоңырау шалды д
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Құрылтайда өткен брифингте бұл мәліметті толығымен жоққа шығарды.
"Бұл ақпаратты растамаймын. Полиция қызметкерлері ешкімге қоңырау шалған жоқ. Керісінше, ішкі істер органдарының қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп, қоғамдық тәртіптің тиісті деңгейде сақталуын қамтамасыз етті", – деді Әділов.
24 қыркүйекте Маңғыстау облысында өткен оқу-жаттығу кезінде бір топ әскери қызметкерді теңіз ағыны алып кеткені белгілі болды.
Сол күні Қорғаныс министрлігі тоғыз адамның қаза тапқанын хабарлады. Кейін құрбандар саны 12-ге жетіп, ведомство қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдерін жариялады.
25 қыркүйекте қаза тапқандар саны 14 адамға жетті. Сол күні іздестіру-құтқару операциясы ресми түрде аяқталды.