Live

Маңғыстау облысында атыс болып, екі адам оқ жарақатымен ауруханаға түсті

Маңғыстау облысының Ақшұқыр ауылында болған атыс салдарынан екі ер адам оқ жарақатын алды. Оқиға 9 шілде күні таңертең тіркелген.

Фото: Lada.kz

Дәрігерлердің мәліметінше, 1999 және 2001 жылы туған зардап шеккендер облыстық ауруханаға жеткізілген. Олардың бірінің беті, мойны, қолдары мен кеуде тұсына оқ тиген. Ал екінші азаматтың сирағына оқ тиіп, бет сүйектерінің бірнеше жері сынған. Қазір екеуі де дәрігерлердің бақылауында, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша адам өлтіруге оқталу, бұзақылық, сондай-ақ қаруды заңсыз алып жүру және өткізу баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында төрт күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицияның мәліметінше, оқиға салдарынан қаза тапқандар жоқ.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тергеу жалғасып жатыр.

Сайт Әкімшілігі