Қоғам

Михаил Шайдоров жас спортшыларға сыйлық жасады

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматыдағы №3 кешенді балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілерімен кездесті.

Фото: әлеуметтік желіден

Кездесу барысында спортшы жас мәнерлеп сырғанаушыларға спорттық құрал-жабдық алуға арналған сертификаттар табыстады. Бұған дейін Михаил Шайдоров өзіне төленбей қалған жалақысын балаларға көмек көрсетуге бағыттауға дайын екенін мәлімдеген болатын. Алайда бұл жолғы сыйлықтардың қандай қаражатқа сатып алынғанын нақтыламады. Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында балаларға қолдау көрсетудің маңызын атап өтті.

«Балаларға қуаныш сыйлап, өз күштеріне деген сенімін арттыра алғаныма өте қуаныштымын. Алдағы уақытта да сүйікті спортымыздағы мүмкіндігінше көп баланы қолдауға тырысамын», – деп жазды Михаил Шайдоров.

Олимпиада чемпионының бұл бастамасы спорт қауымдастығы тарапынан оң бағаланып, жас спортшыларды қолдауға бағытталған маңызды қадам ретінде қабылданды.

Сайт Әкімшілігі