спорт

Михаил Шайдоров Ондрей Непела мемориалында қола жүлдеге ие болды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Словакияның Братислава қаласында өткен ISU Challenger сериясының Memorial Ondrej Nepela халықаралық турнирінде қола медаль жеңіп ал

Фото ҰОК

Екі бағдарлама қорытындысы бойынша олимпиада чемпионы 272,75 ұпай жинады. Шайдоров қысқа бағдарламада 95,98, ал еркін бағдарламада 176,77 ұпай еншіледі.

Жарыста бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен ресейлік Евгений Семененко жеңіске жетті. Ол жалпы есепте 292,09 ұпай жинады. Екінші орынды 278,80 ұпаймен Италия өкілі Даниэль Грассль иеленді.

Ондрей Непела мемориалы Шайдоров үшін 2026/27 маусымындағы алғашқы халықаралық жарыс болды.

Сайт Әкімшілігі