спорт

Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын иеленді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан 2026/27 жылғы маусымдағы Гран-при сериясының үшінші кезеңін бесінші орынмен аяқтады.

Фото ҰОК

Спортшы еркін бағдарламада 168,62 ұпай жинады. Қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша оның еншісінде 263,49 ұпай болды.

Жарыста жапониялық Као Миура 293,25 ұпаймен топ жарды. Екінші орынға бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен Владислав Дикиджи (282,44 ұпай) тұрақтаса, үздік үштікті тағы бір бейтарап спортшы Евгений Семененко (281,62 ұпай) түйіндеді.

Айта кетейік, бұл Шайдоровтың биылғы Гран-при сериясындағы екінші жарысы. Бұған дейін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Францияда өткен кезеңге қатысқан.

Сайт Әкімшілігі