2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні
Саясат

Мирзиёев пен Жапаров Каспийдегі әскери қызметшілердің қазасына байланысты Тоқаевқа көңіл айтты

Қазақстан Президентінің атына Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты шетел мемлекеттерінің басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр.

Фото: ҚМ

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа, қаза болған әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ Қазақстан халқына көңіл айтты.

Мемлекет басшысы көңіл айтқаны үшін алғыс білдіріп, халықаралық қолдау мен ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: сарбаз өлімі