Live

Молдова 2027 жылдың сәуірінде ТМД-дан ресми түрде шығады

Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрі Михай Попшой мәлімдеді. Министрдің айтуынша, Президент Майя Санду парламенттің ТМД аясындағы келісімдерден бас тарту туралы шешімін бекіткеннен кейін, 8 сәуірде Минскідегі ұйым хатшылығына тиісті хабарлама жіберілген.

Фото: Dumitru Doru/dpa/picture alliance

Молдова тарапы бұл хабарламаның қабылданғаны туралы растау алды. Осылайша, рәсім ресми іске қосылғаннан кейін 12 айдан соң республика Достастыққа мүшелігін біржола тоқтатады.

Негізгі шешімдер мен себептер:

 Молдова парламенті елдің ТМД-ға мүшелігін іс жүзінде аяқтайтын заңдар пакетін екінші оқылымда қабылдады. Депутаттар 1990-жылдардан бері Кишиневтің ұйымға қатысуына негіз болған үш басты құжаттың күшін жойды:

1. 1991 жылғы ТМД-ны құру туралы келісім (Минск).

2. 1991 жылғы Алматы протоколы.

3. 1993 жылғы ТМД Жарғысы.

 Шығу туралы шешімді 101 депутаттың 60-ы қолдады. Бұл бастаманы биліктегі «Әрекет және ынтымақтастық» партиясы қолдаса, оппозиция қарсы шықты.

 2025 жылдың соңына қарай Молдова Достастық аясында қол қойылған 255 құжаттың 67-сімен байланысын үзген. Соңғы төрт жылда ел билігі ТМД мен ЕАЭО (бақылаушы мәртебесі бар) отырыстарына қатысудан бас тартып келеді.

 Кишинев бұл қадамды еуропалық стандарттарға және батыс нарығына бағыт алумен түсіндіреді. Олар тек экономикалық тиімділігі бар және Еуроодаққа мүше болу мақсатына қайшы келмейтін келісімдерді ғана сақтап қалмақ.

 

Сайт Әкімшілігі